Бүгін Сенат сайлауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Сенат сайлауы өтті

01.10.2014
Бүгін Сенат сайлауы өтті

Бүгін түске дейін барлық облыс орталығы мен Астана және Алматы қалаларында Парламент Сенатының депутаттарының сайлауы өтті.

Қазір кейбір өңірдегі басым дауыс алған кандидаттардың аты-жөні белгілі бола бастады. Орталық сайлау комиссиясы ертең сағат таңғы онда ресми қорытынды жариялайтын болады. 

Айта кету керек, Парламенттің жоғары палатасы 47 депутаттан тұрады. Олардың 32-сі, дәлірек айтсақ әрбір өңірден екі депутат 6 жылға сайланады. Қалған 15 сенаторды Президент тағайындайды.

Бұл жолы сайлау барысын халықаралық ұйымдар мен БАҚ өкілдерінен тұратын 276 бақылаушы қадағалады.  

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

 

Хабарламаларға жазылу