Семейде артиллериялық оқу-жаттығуы өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде артиллериялық оқу-жаттығуы өтуде

01.10.2014
Семейде артиллериялық оқу-жаттығуы өтуде

«Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығы Семейдегі «Шығыс» полигонында артиллериялық оқу- жаттығуларын өткізіп жатыр.

Бір айдан бері Семей, Аягөз және Үшаралдағы бөлімдер  артиллерияның лагерлік жиынында бас қосқан.

Келісімшарт және мерзімді әскери қызметтегі сарбаздар өздігінен жүретін «Акация» әскери техникасын, минометтер мен «Град» жүйесі арқылы қорғаныс және шабуыл жасау әрекеттерін меңгеруде.

Жылдың төрт мезгілінде де үздіксіз өткізілетін мұндай жаттығулар әскерилердің шеберліктерін шыңдауда өте маңызды,-дейді мамандар.

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу