Елімізде ауыл жастарына негізделген «Зияткер ұрпақ» жобасы бастау алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде ауыл жастарына негізделген «Зияткер ұрпақ» жобасы бастау алды

19.09.2014
Елімізде ауыл жастарына негізделген «Зияткер ұрпақ» жобасы бастау алды

Шара шеңберінде көпке үлгі болар тұлғалар ауыл мектептерін аралап, оқушылармен кездеседі. Өздерінің еңбек жолдарын айтып, биік белестерді бағындырудың қыр-сырымен бөліседі.

Сондай тағылымды басқосу Қостанай облысындағы Май ауылының мектебінде өтті. Ондағы оқушылар «Қазақстан - 2050» жалпыұлттық қозғалысының жетекшісі Данат Жуминмен дидарласты.

Данат Жумин - осы ауыл мектебінің түлегі. Оқуды тәмамдаған ол бизнеске білек сыбана кірісіп, табысты кәсіпкерлердің қатарына қосылды.

Осындай жетістіктерге жетудің жолын, жаңа жобаның арқасында жас көшбасшы өз жерлестеріне баяндауда.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

 

 

Хабарламаларға жазылу