Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Алматы облысына барды

18.09.2014
Гүлшара Әбдіқалықова  жұмыс сапарымен Алматы облысына барды

Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова  жұмыс сапарымен Алматы облысына барды. Мақсат - өңірдің әлеуметтік жағдайымен танысып, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қадағалау.

Сондай-ақ, өз салаларындағы мәселелермен танысу үшін Әлеуметтік даму,  Денсаулық сақтау министрі мен Білім және ғылым министрлері де келді.

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында  ардагер қарттардың әлеуметтік жағдайы, мүгедектер құқықтарының қорғалуы талқыланды. 

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:                                                                         Республика бойынша әзірге мектепке дейінгі балаларды балабақшамен қамту деңгейі төмендеу, 65 пайызды құрайды. Осы мәселе бойынша не істеу қажет? Орта білім беруде оқулықтармен қамту мәселесі. Оның бәріне облыс бойынша арнайы меморандум бар. Осы мәселелерді толық қараймыз.

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу