Алматы облысында «Туған жерге туыңды тік» атты акция өз жемісін бере бастады

12.09.2014
Алматы облысында «Туған жерге туыңды тік» атты акция өз жемісін бере бастады

Алматы облысының Ақсу ауданында биыл бұрын соңды болмаған тамшылатып суару әдісі қолданылды.

Кәсіпкер Сабыр Медетбеков «Ақсу» агрохолдинг кәсіпорнын ашып, 15 гектар картоп алқабын тамшылатып суарылуда. Болашақта жаңа ұжым ауданның 1200 гектар жерін игеруді көздеп отыр.

«Туған жерге туыңды тік» акциясы аудан экономикасына қан жүгіртті. Қаңырап бос тұрған ғимараттар іске жарап, жұмыссыз жүрген ағайын жұмысқа орналасты.

Тағы бір кәсіпкер жыл соңына дейін 50 пәтерлі екі үйді жөндеп беруге бел буды. 380 миллион теңге инвестиция құйды. Ауданда баспанаға кезекте тұрған жандар  үшін мұның өзі үлкен көмек болғалы отыр.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу