Кәсіпкер қарияларға ерекше сый жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкер қарияларға ерекше сый жасады

10.09.2014
Кәсіпкер қарияларға ерекше сый жасады

Елбасымыздың қарттарды құрметтеу жөніндегі бастамасы еліміздің барлық өңірінде қолдау тауып жатыр. Жас кезінде бейнет жасап, елге еңбегі сіңген ақсақалдарға астаналық кәсіпкер Жармұхаммед Искендіров ерекше сый жасады.

Ол өмір бойы мал баққан оңтүстікқазақстандық бір топ зейнеткердің басын қосып, бас қалаға саяхат ұйымдастырды. Осылайша алды сексеннің сеңгіріне шыққан қариялар елорданың әсем жерлерін аралап, бір сергіп қайтатын болды.

Шынар АСАНҚЫЗЫ, Айнұр АҚБАЕВА

Хабарламаларға жазылу