Қызылордада радиоактивті цезий құйылған құты табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада радиоактивті цезий құйылған құты табылды

06.09.2014
Қызылордада радиоактивті цезий құйылған құты табылды

Қызылордалық тәртіп сақшылары радиоактивті цезий құйылған құтыны тапты.

Қауіпті заты бар ыдыс бүгін түнгі сағат 02:00 шамасында Шиелі ауданы Бәйгеқұм ауылының тұсында «КАМАЗ» автокөлігінің ішінен шыққан.

Зиянды затты тасымалдаған көлік жүргізушісі мен жолаушы қамауға алынды. Қазір тергеу жүргізілуде.

Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу