Шығыс Қазақстан облысындағы кеніште 1 адам қаза тапты

05.09.2014
Шығыс Қазақстан облысындағы кеніште 1 адам қаза тапты

Шығыс Қазақстан облысындағы кен орындарының бірінде тағы да қайғылы оқиға болды.

Шемонайха ауданындағы Артемьев шахтасында бір адам кен таситын көлік құралының астына түсіп, қайтыс болды.

Қазір оқыс оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. 

Бұл – соңғы 10 күн ішінде Шығыс Қазақстандағы кеніштерде болған екінші қайғылы оқиға.

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу