Зырян қаласы үш күннен бері сусыз отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зырян қаласы үш күннен бері сусыз отыр

29.08.2014
Зырян қаласы үш күннен бері сусыз отыр

Шығыс Қазақстан облысындағы Зырян қаласының тұрғындары соңғы 3-4 күннен бері сусыз отыр.

Өткен аптаның соңында, мердігер компания құбырларды ауыстыру үшін суды 1,5 тәулікке тоқтатуға рұқсат сұраған. Бірақ, жұмыстарын мерзімінде аяқтай алмаған. 

Зырян қаласындағы су жүйелерін жөндеу үшін былтыр «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 3 миллиард 166 миллион теңге бөлінген.

Берік КӨШЕРБАЕВ

 

Хабарламаларға жазылу