Петропавлда студенттер қылмысты ашуға көмектесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда студенттер қылмысты ашуға көмектесті

29.08.2014
Петропавлда студенттер қылмысты ашуға көмектесті

Петропавл қаласында баласымен серуендеп жүрген әйелдің мойнынан алтын алқасын жұлып алып, қашып кеткен қарақшы ұсталды.

Оқиға болған жерден өтіп бара жатқан 18 және 17 жастағы екі студент жігіт қарақшының соңынан қуып отырып, тығылған үйін анықтаған.

Подъездге кіріп, есікті ішінен жауып алғасын қарақшыны ұстай алмайтынын білген олар бірден полицияға хабар берген.

Тәртіп сақшылары келгенше күдікті жасырынған пәтерді де анықтап біліп алған. Ұрлаған алқа үйді тінту барысында табылды. 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу