Жастардың жолын ашқан «Сәтті қадам» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастардың жолын ашқан «Сәтті қадам»

28.08.2014
Жастардың жолын ашқан  «Сәтті қадам»

«Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалында «Сәтті қадам» жобасы  төңірегінде кездесу өтті.

Мақсат - жоғары оқу орнын тәмамдаған жастарды өз мамандығы бойынша тәжірибеден өтуге көмектесу. 

Жобаға жоғары білімі бар азаматтар  қатыса алады. Қазіргі таңда 150-ге жуық адам ниет білдіріп,  ең үздік  77 үміткер іріктелген.

Бетпе-бет сұхбатты 5 адамнан құралған тұрақты комиссия жүргізеді. Болашақ мамандардың  пән бойынша білімдері  ғана емес, жұмысты үйренуге деген ынтасы мен әріптестеріне қарым-қатынасы, сондай-ақ, кәсіби, адами қасиеттері де сарапталады.    

 

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу