Астанада соңғы үш жылда 89 жасөспірім өзіне-өзі қол жұмсамақ болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада соңғы үш жылда 89 жасөспірім өзіне-өзі қол жұмсамақ болған

21.08.2014
Астанада соңғы үш жылда 89 жасөспірім өзіне-өзі қол жұмсамақ болған

Соңғы үш жылда Астанада 89 бала өзіне-өзі қол жұмсауға талпынған. Бұл туралы бас шаһарда өткен Тамыз кеңесінде айтылды. Кәмелет жасына толмағандар арасында суицидке талпынған 89 оқиға тіркеліп, оның 14-інде балалар қайтыс болды, дейді мамандар.

Мұндай оқиғаның туындауына бірінші кезекте интернет әсер етеді екен. Осындай жағдайлардың алдын-алу үшін Астана мектептерінде психология пәнін оқыту ұсынылды.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу