Кәсіпкерлер ауылдың көркеюіне үлес қосып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлер ауылдың көркеюіне үлес қосып келеді

19.08.2014
Кәсіпкерлер ауылдың көркеюіне үлес қосып келеді

Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай ауданында соңғы жылдары елді мекендерді  көгалдандыру, көркейту жұмыстары қарқынды қолға алына бастады. Ол үшін, Үкіметтен бөлінген қаражаттан тыс, ауыл азаматтарының да  үлесі зор. 

Мәселен, шығыс өңірде бірнеше жыл қатарынан жүзеге асып келе жатқан «Туған жерге тағзым» акциясы шеңберінде де қыруар іс тындырылған. Тарбағатай ауданын дамыту үшін, өткен жылы жергілікті кәсіпкерлер 100 миллион теңгеден астам қаражат бөлген.

Оған ауылдарды абаттандыру, көркейту жұмыстары жүргізілді. Аудан орталығы мен ауылдарда саябақтар ашылып, жолдар жөнделіп,  тұрғындардың демалуына ыңғайлы жағдай жасалған. 

Ержан ЖАҚЫП     

Хабарламаларға жазылу