Шығыс Қазақстан облысында 27 ұстаз шыққан әулет тұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында 27 ұстаз шыққан әулет тұрады

15.08.2014
Шығыс Қазақстан облысында 27 ұстаз шыққан әулет  тұрады

Шығыс Қазақстандағы Көктүбек ауылында үш буын ұстаз шыққан Садыхановтар әулеті тұрады.

Бүгінде еліміздің әр түкпірінде бір атадан тараған 27 ұстаз қызмет етіп жүр. Барлығы - соғыс ардагері, Халық ағарту ісінің үздігі Бейсенбек Садыхановтың ұрпақтары.

Көктүбек тұрғындары  Садыхановтар шаңырағын «Ұстаздың үйі» деп атайды. Ауылдағы орта мектепте Бейсенбек Садыханов атындағы сынып бар.

Ержан ЖАҚЫП

 

 

Хабарламаларға жазылу