Алматыда жылу жүйесін тексеру кезінде құбыр жарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жылу жүйесін тексеру кезінде құбыр жарылды

13.08.2014
Алматыда жылу жүйесін тексеру кезінде құбыр жарылды

Бүгін Алматыда  сынақ жүргізілген учаскеде құбыр жарылып, 20 метрлік  «субұрқақ» пайда болды.

Панфилов-Абылайхан көшелерінің қиылысында болған оқыс оқиға жол қозғалысын едәуір тежеді.

 «Алматы Жылу Холдингі» МҚҚ  жылу құбырларын қатты қысым беру арқылы тексерген.

Енді жарылған құбыр жаңартылып, орнына 40 жыл мерзімге шыдайтын құбыр орнатылатын болды.

 

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу