Брюссельде полиция қызметкерлері мен жастар арасында қақтығыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Брюссельде полиция қызметкерлері мен жастар арасында қақтығыс болды

16.11.2017

Жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 5-терде жүздеген жас қаланың орталығындағы Монэ алаңына франциялық әзіл-сықақ айтушысымен кездесуге жиналған. Әлеуметтік желі арқылы табынушыларын көшеде кездесуге шақырған «жұлдыз» жергілікті әкімдіктен арнайы рұқсат сұрамаған. Мәселенің мән-жайын анықтауға келген тәртіп сақшыларына жастар жабылып, қақтығысқа ұласқан. Сол маңдағы кітапхананың, көліктердің терезесін сындырып, қоғамдық тәртіпті бұзған 30 адамды полиция құрықтады.

 

Нұрсұлу ҚАСЫМ 

Хабарламаларға жазылу