Қорғандағы қазақтар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қорғандағы қазақтар

17.07.2014
Қорғандағы қазақтар

Қорған облысы – Ресей Федерациясының Қазақстанмен шекаралас аймақтарының бірі. Сондықтан, бұл өлкеде қазақтар көп шоғырланған. Қазір мұнда 15 мыңға жуық қандасымыз тұрады. Солардың бірі – Дәулетовтер отбасы. 4 ағайынды жігіт бас қосып, бөтен елде жүрсе де, өзгеге үлгі болып, үлкен шаруашылық құрған.

Дәулетовтер отбасын ұлт намысын ту етіп жүр деп айтуға әбден лайық. Өйткені, ағайынды жігіттер бас қосып, үлкен шаруашылық құрған.   15 мың гектар жерге егін егіп, 500-ден астам қара мал өсіреді.

Құзыр Дәулетов, шаруашылық басшысы:

13 жыл болды жермен айналысқанымызға. 15000 гектар жерге егін егеміз. 7-8 мың гектарын парға қалдырамыз. Шығым жаман емес.

Бойға біткен еңбекқорлық пен ұйымшылдықтарының арқасында өзге елде жүрсе де жасымаған. Теперіш көрдік деп те қиналмаған қандастарымыз, қазақылықтан  еш жаңылған емес.

Сайлау Дәулетов, бригада басшысы:

Ресейде жұмыс істейтін қазақтар бар. Қазағым аман болсын.

Ағайынды жігіттер ауыл шаруашылығынан басқа сауда-саттықпен де айналысады. Петухово селосында үлкен сауда орталығын салған. Олардың тауарларын қазақстандықтар да келіп сатып алады.

Нұржамал Дәулетова, дүкен меңгерушісі:

Қазақстаннан көп келеді. Кеден одағы құрылғалы бері барыс-келіс жеңілдеді. Сондықтан, ресейлік өнімдерге қызығушылық жоғары.

«Төртеу түгел болса, төбедегі келеді», демекші Дәулетовтер отбасының бүгінгі жағдайы басқа қандастарына үлгі боларлықтай.   Ең бастысы, ешкімге алақан жаймай, өз нәпақаларын өздері табады. Осы қасиеттерінің арқасында талай жетістіктерге жеткен.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу