Жапония үкіметі Теміртаудағы қарттар үйіне қайтарымсыз қаржы бөлді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапония үкіметі Теміртаудағы қарттар үйіне қайтарымсыз қаржы бөлді

09.07.2014
Жапония үкіметі Теміртаудағы қарттар үйіне қайтарымсыз қаржы бөлді

Теміртаудағы қарттар үйіне Жапон үкіметінің «Корни травы» бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жұмысы жүргізілетін болды. Бүгін Жапонияның Қазақстандағы елшілігінде осы жөніндегі арнайы келісімге қол қойылды.

Бұрын балабақша болған ғимараттың тозығы әбден жеткен. Бүгінде аталған орталықта 50-ден астам қария тұрады.

Камохара Масаеси, Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі:

Біз осы бағдарламаның аясында түрлі әлеуметтік салаға қаржылай қайтарымсыз  көмек көрсетіп келеміз. 1997 жылдан бері Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі 70 жобаны қаржыландырдық. Әрбір жобаның құны 100 мың АҚШ долларынан кем емес.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу