Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жеткен жетістіктері

13.12.2019

Тәуелсіздіктің арқасында еліміз көптеген жетістікке жетті. Демографиялық көрсеткіштер де өсті. Назарларыңызға 28 жылдағы кей деректерді ұсынсақ.

1991 жылдан бері халық саны 2 миллионға артты. Азаттықтың алғашқы жылдары Қазақстандағы қазақ халқының үлесі 40 пайызға жуық еді. Бүгінде бұл көрсеткіш 70 пайызға жетті.

Білім беру саласында да ілгерілеу бар. 28 жылда 1500 мектеп салынды. Мемлекеттік тілдің мәртебесі көтерілді. Соның нәтижесінде қазақ мектептері мен балабақшалары көптеп ашылды. Мысалы, 1991 жылы оқушылардың 37 пайызы ғана қазақ сыныптарында оқыса, бүгінде бұл тілде білім алушылардың үлесі - 76,6 пайыз. Егеменді ел атанған жылдары балалардың небары 26 пайызы балабақшадағы қазақ топтарында тәрбиеленген болса, қазір 67,2 пайызға жетті. Мұның бәрі - тәуелсіздіктің толағай табысы.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу