«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының I форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының I форумы өтті

28.06.2014
«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының I форумы өтті
Бүгін Астанада «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысының I форумы өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 400-ден астам делегат қатысты.
 
 Олардың барлығы бір-біріне ұқсамайтын, сан түрлі саланың тізгінін ұстаған жандар. Дегенмен, мақсаттары бір. Ол форум барысында «Қазақстан-2050» Стратегиясын жас ұрпаққа дәріптеу мен стратегия аясында туындайтын түрлі бағыттағы жобаларды жүзеге асыру.
 
Осы орайда, қозғалыстың әрбір белсендісі мен мүшесі Қазақстанның әлемнің ең дамыған озық 30 елінің қатарына кіруі үшін аянбай еңбек етуде.
 
Ғабит Бекахметов, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының белсендісі:
Мен қазір «Критикалық ойлау» деген кітаптың авторымын. Оны жазу себебім, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда критикалық ойлауды дамыту керек, деп айтты.
 
Шолпан Байболова, «Сәбимен шаңырақтың сәні кірер» жобасының үйлестірушісі:
Мен үшін адами капитал маңызды. Біздің балалар дамыған елде өмір сүруі тиіс. Олар ертеңін ойлағанда көздерінде қорқыныш болмауы тиіс. Осы себепті, олардың болашағын жарқын ету ең басты парызымыз.
 
Ғайса Жұмалиев, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының белсендісі:
Бұл форум бізге өз ойымызды ашық айтуға, тұшымды пікірлерімізді бір-бірімізбен бөлісуге мүмкіндік береді. Жұмыла көтерген жүк жеңіл дейді. Адам тек ой жарыстыра алғанда ғана алға дамиды.
 
«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы осыдан жарты жыл бұрын құрылған еді. Қазір, қозғалыс мүшелерінің саны 3 мыңнан асады.
 
Нұржан Үтепбаев, «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысының белсендісі:
«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының Атырау облысындағы белсендісімін. Біз қазір онда «Жас отбасыларының жарқын болашағы» атты акция өткізіп жатырмыз. Акцияның ең басты мақсаты, жас отбасыларға патриотттық тәрбие беру мен оларға қолдау көрсету.
 
Борис Рябуха, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының белсендісі:
Бұл қозғалыс Қазақстанның жастарын бір арнаға тоғыстырды. Болашақ үшін аянбай еңбек етуге шақырды. Ендігі мақсат, стратегия аясындағы жобаларды жұмыла отырып іске асыру.
 
Динара Қайыркенова,«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының белсендісі:
Мені қоршаған ортаның жағдайы мазалайды. Мен үшін табиғи байлықтарымызды тиімді пайдалану мен оны игілігімізге жарату.
 
Қанат Шипин, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының белсендісі:
Біз қазір «Бақытты отбасы» жобасымен айналысып жатырмыз. Ол 14-ші маусымда басталды. Қостанай қаласына әр облыстан ерікті жастар келді.
 
 
 
Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу