Адам саудасы азаяр емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Адам саудасы азаяр емес

26.06.2014
Адам саудасы азаяр емес
Қазақстанда соңғы он жылда мыңға жуық жан адам саудасының құрбаны болды. Ұйымдасқан қылмыстың бұл түрі қару мен есірткі сатудан кейінгі орында тұр. Өткен жылы осындай қылмысқа қатысты 400-ге жуық іс қозғалған.
 
Жауапқа тартылғандардың дені адамның еңбегін қанап, жас қыздарды жеңіл жүріске итермелеген. Басы саудаға түсіп, сергелдең болған мұндай жандарға көрсетілетін әлеуметтік көмек көңіл көншіте ме?
 
Бүгін Астанада Миграция жөніндегі халықаралық ұйым мамандары жиналып, осы мәселені талқылады. Биыл елімізде жапа шеккендерге әлеуметтік көмек беру мақсатында ел қазынасынан 25 миллион теңге бөлініп отыр.
 
Тастемір Әбішев, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы:
Жыл сайын 40-50 қылмыстық іс қозғалады, бұл туралы Бас прокуратураның мәліметі бар, соның ішінде жылына 20-30 қылмыстық іс сотқа жеткізелді. Адам саудасымен шұғылданған  адамдар қатаң жазасын алып отырады.
 
Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу