Әйелдер құқығы шектелмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әйелдер құқығы шектелмейді

21.06.2014
Әйелдер құқығы шектелмейді
Елімізде гендерлік саясат дұрыс жүргізіліп келеді. Оған мемлекеттік қызметтегі әйелдер саны дәлел. Мәселен, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бізде 4,7 миллион жұмысшы тіркелген. Оның 40,4 пайызы әйелдер.
 
Яғни, 1,9 миллион әйел ел өркендеуіне еңбек етіп жүр. Ал, олардың жұмыс барысында құқығы шектелмеуі тиіс. Мұндай маңызды пікір бүгін Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті мәжілісінде айтылды.
 
Енді, әйелдер құқығын одан әрі жетілдірмекке, комиссия жанынан арнайы жұмыс топтары құрылды. Олар мүмкіндігі шектеулі және көпбалалы әйелдерге көмек береді. Кәсіпкерлікпен айналысып жүрген азаматшалардың мәселелерін тиімді шешуге атсалыспақ.
 
Анатолий Башмаков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Бүгін алғаш рет жұмыс топтарын құру мәселесі көтерілді. Олар арнайы бағыттар бойынша жұмыс жасайтын болады. Жас буынды тәрбиелеуде әке мен ананың рөлі, жастардың рөлі, мектептің рөлі, басқада иституттадың рөлі жайлы талқыланды.
 
Шырақ БАЙКЕНОВА

Хабарламаларға жазылу