Ет өнімдерін өңдеу мен экспорттау артып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ет өнімдерін өңдеу мен экспорттау артып келеді

14.06.2014
Ет өнімдерін өңдеу мен экспорттау артып келеді
Елбасы өз Жолдауында «Келешекте – аграрлық сектордың өңдеу желісін дамыту басты мақсат» деген болатын. Қостанай облысында бұл істі қазірдің өзінде қолға алып жатқан ауылшаруашылығы құрылымдары бар.
 
Мысалы, Қарасу ауданындағы серіктестік ірі қараны өсірумен қатар, оның етін де өңдейді. Мұндағы ет бағытындағы асылтұқымды түліктің саны қазір 8 мыңнан асады. Кәсіпорынның сою цехы, шұжық және басқа да өнімдер жасайтын ет комбинаты бар. Жылына 4 мың тоннадан астам өнім шығарады. 2011-2012 жылдары Ресейге ет экспорттап, тәжірибе жинаған кәсіпорын, биыл осы үрдісті жалғастыруды көздеп отыр. Қазір екіжақты келісімдер құжат жүзінде рәсімделу үстінде. Егер уағдаластық сәтті жүзеге асса, 2014 жылы ет комбинатының 500 келіге жуық өнімі көрші елге саудаланады.
 
Бауыржан Қосшығұлов, ет комбинатының директоры:
Бүгінде біз өнімнің 120 түрін дайындаймыз. Бұл - әр түрдегі шұжық, жартылай фабрикат, фарштар. Бастапқыда бұзаудың туғанынан өнімге айналғанға дейінгі циклын толық қамтып, ет кластерін құруды жоспарлағанбыз. Бұл меже толық орындалды.
 
Ал, Алматыдағы «Цин-каз» кәсіпорыны еліміздегі томат пен томат өнімдерін өндіру саласының үздігі. Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болуы компанияның үлкен нарыққа еркін шығып, өнімді еселеуге мүмкіндік береді, дейді кәсіпорын мамандары.
 
Жанар Рахымбекова, «Цин-Каз» ЖШС сапа менеджері:
13 маусым Алматы перегон, Отклик-Цин-Каз Ресей нарығына, Беларусь Республикасының нарғына шыққымыз келеді. Қазір біртіндеп жұмыстар істеп жатырмыз. Соңғы екі-үш айда, біз Ремейге 2 рет өзіміздің тауарларды жібердік. Ол жақтан өте жақсы деген баға алдық. Сапасына жақсы баға беріп жатыр. Әлі де ары қарай бізбен қызмет істескісі келеді.
 
Дәуренбек ӘБДІБЕК  
 
 
 

Хабарламаларға жазылу