Кендірлі - туризмге қолайлы жер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кендірлі - туризмге қолайлы жер

10.06.2014
Кендірлі - туризмге қолайлы жер

Маңғыстау облысындағы «Кендірлі» демалыс аймағы туризмді дамытуға қолайлы жер. Жаңаөзеннен 70 шақырым қашықтықтағы оазис мөлдір суы, сусыма құмы, әсем табиғатымен көпшілікті тәнті етеді.

 
7 гектар аумақты алып жатқан демалыс орнына енді шетелдік туристерді тарту көзделген. Жылы климатты ұнататын жандарға шетел асудың қажеті жоқ, дейді демалушылар.
 
Кендірліде жаныңа керектің бәрі бар. Каспий теңізіне түсіп, жағалауда спорт ойындарымен шұғылдануға болады. Көк айдында моторлы қайықтармен жүзуге де мүмкіндік бар. Биыл «Кендірлі» демалыс аймағына 17 мыңға жуық адамды қабылдау жоспарланып отыр.
 
Бауыржан Бекмағамбетов, демалушы:
Бұл жер өте ұнайды. Табиғатының өзі бір бөлек әңгіме. Кендірлінің жылы суы керемет. Мұндағы қызмет көрсету сапасы да жақсы. Жыл сайын шетелге демалып, сонда жұмсаған ақшамызды неге осы жерде жаратпасқа. Меніңше, туризм саласына әр азамат үлес қосып, осы жерді көркейте түсуі қажет.
 
Биыл жөндеу жүргізіледі, жағалауға катамарандар қойылды. Бассейн жасалды, жағалауларға арнайы төсектер, шатырлар орнатылды. Мейрамхана мен кафе де үздіксіз жұмыс жасайды. Балалар лагері де іске қосылады. 10 күнде 250 бала тынығады. Биыл 2000-3000 жуық баланы қамту ойымызда бар.
 
 
Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу