Шекара басшысы сарбаздарды соққыға жыққан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шекара басшысы сарбаздарды соққыға жыққан

06.05.2014
Шекара басшысы сарбаздарды соққыға жыққан
Батыс өңірлік әскери прокуратурасы Атырау гарнизонының барлық бөлімдері мен мекемелерінде әскери қызметшілердің арыз-шағымдарын қабылдайтын телефондар, e-mail және WhatsApp мекенжайлары көрсетілген баннерлер орнатқан болатын. Бұл бастама өз нәтижесін берді.
 
Прокурорларға WhatsApp желісі арқылы №2016 әскери бөлімінің офицері қатардағы жауынгерлерді соққыға жығады деген хабарлама түскен. Тексеріс кезінде , бөлімдегі үш сарбаздың түрлі жарақаты бар екендігі анықталды. Олар лейтенат шеніндегі офицердің соққыға жыққандығын растады.
 
Кейін белгілі болғандай, офицер қатардағы бес жауынгерді дәлізге сапқа тұрғызып, қолына боксшы қолғабын киіп, оларды ұрып-соққан. Содан кейін лейтенант сарбаздарға газ тұмшалағыштар мен жалпы әскери қорғаныс киімін кигізіп, әскери бөлімше ғимаратын айнала жүгіруге мәжбүрлеп, теуіп, әлімжеттік жасаған.
 
Талғат Бақбергенов, Батыс өңірлік әскери прокуроры:
Өзінен шені төмен қызметкерге күш көрсеткен шекара заставасының бөлім басшысы анықталды. Қазір айыбы дәлелденіп, іс сотқа жолданды. Біз осындай шаралар арқылы, әскери қызмет саласындағы кез келген заңсыздықтардың алдын алып жатырмыз.
 
 
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу