Заңды қатаң сақтау керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Заңды қатаң сақтау керек

29.04.2014
Заңды қатаң сақтау керек
Тәртіпсіздік - қауіпті қылмыстарға әкеп соғады. Сондықтан еліміздегі заң бұзушылыққа тойтарыс беріп, заңды күшейту керек. Осындай ұсыныстар бүгін «БАҚ қоғамдағы құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру құралы ретінде» тақырыбындағы дөңгелек үстелде айтылды.
 
Отырыста азаматтардың заңға сенбейтіндігі, қылмыскерлердің тиісті жазасын алмауы және бүгінде кең етек алған жемқорлық мәселесі де қозғалды. «Біз бұзақылыққа, мәдениетсіздікке төзбеуіміз керек, бұл ел тыныштығын бұзып, өмір сүру сапасын төмендетеді», - дейді жиынға қатысушылар.
 
Кенжеболат Жолдыбай, «Бас редакторлар клубы» ҚБ президенті:
БАҚ осы төңіректе жасалып жатқан іс-шараларға мейлінше атсалысуы қажет. Яғни, ақпараттық тұрғыда қолдау көрсету мәселесі төңірегінде жүйелі, жоспарлы негізде жұмыс ұйымдастыру керек. Егер осы шаруаларды жасайтын болсақ, біз көп нәрсенің алдын аламыз.
 
 
Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу