Қапшағайда ауыл шаруашылығы алқабында 10 адам уланды (толығырақ) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қапшағайда ауыл шаруашылығы алқабында 10 адам уланды (толығырақ)

28.04.2014
Қапшағайда ауыл шаруашылығы алқабында 10 адам уланды (толығырақ)
Алматы облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында 10 адам уланып қалды. ОблыстықТұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті қызметкерлерінің айтуынша,  пияз егілген аймақта арамшөптерге қарсы улау жұмыстарын жүргізгеннен кейін жұмысшылар өздерін нашар сезінген.
 
Шеңгелді массивінде орналасқан шаруа қожалықтары  жұмысшыларының жай-күйі қалыпты. Қазір 8 азамат Қапшағай қалалық ауруханасында тиісті ем алуда.
 
Құзырлы мекемелер уланудың нақты себептерін анықтауға кірісті.
 
Рая Ақашева, облыстық Тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары:
Топырақтың сынамалары және адамдардан қан, зәр алынып, тексеруге жіберілді. Бүгінгі күнде жұмыстар ары қарай жалғасуда. Біздің тарапымыздан Ауыл шаруашылығы басқармасына, прокуратураға және Ішкі істер органдарына ақпарат берілді.
 
Айсұлу Оңғарова, Қапшағай қалалық ауруханаcы директорының орынбасары:
Шеңгелді ауданына қарасты Кербұлақ ауылынан кеше біздің ауруханаға 8 адам жеткізілді.Сараптама нәтижесінде олардың химиялық заттан уланғандығы анықталды. 6 адамның улану деңгейі орташа, ал, 2 адам жансақтау бөліміне түсті. Алайда, барлық науқастардың қазір жағдайы бірқалыпты.
 
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу