Қапшағайда ауыл шаруашылығы алқабында 10 адам уланды ( - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қапшағайда ауыл шаруашылығы алқабында 10 адам уланды (

28.04.2014
Қапшағайда ауыл шаруашылығы алқабында 10 адам уланды (
Алматы облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында 10 адам уланып қалды. ОблыстықТұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті қызметкерлерінің айтуынша,  пияз егілген аймақта арамшөптерге қарсы улау жұмыстарын жүргізгеннен кейін жұмысшылар өздерін нашар сезінген.
 
Шеңгелді массивінде орналасқан шаруа қожалықтары  жұмысшыларының жай-күйі қалыпты. Қазір 8 азамат Қапшағай қалалық ауруханасында тиісті ем алуда.
 
Жансақтау бөліміне түскен 2 адам сауығып, терапия бөліміне ауыстырылды.
 
Рая Ақашева, облыстық Тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары:
 Топырақтың сынамалары және адамдардан қан, зәр алынып, тексеруге жіберілді. Бүгінгі күнде жұмыстар ары қарай жалғасуда. Біздің тарапымыздан Ауыл шаруашылығы басқармасына, прокуратураға және Ішкі істер органдарына ақпарат берілді.
 
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу