Оңтүстікқазақстандық шекарашылар тасбақа контрабандасына тосқауыл қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстікқазақстандық шекарашылар тасбақа контрабандасына тосқауыл қойды

25.04.2014
Оңтүстікқазақстандық шекарашылар тасбақа контрабандасына тосқауыл қойды
Оңтүстік Қазақстан облысында шекарашылар тасбақа контрабандасына тосқауыл қойды.Сарыағаш теміржол станциясында тоқтаған жүк пойызын тексеру барысында құжаттарда көрсетілмеген жеті қапшық табылған.    
 
Қызыл кітапқа енген кішкентай тасбақалардың саны 1330, жалпы салмағы 280 келі тартты. Тексере келе, жәндіктердің иесі жоқ болып шықты. Вагонға  қалай тиелгені де белгісіз. Шекара қызметі мен тәртіп сақшылары тексеру жұмыстарын жүргізуде.
 
Қуандық Әбдірахманов, «Оңтүстік» өңірлік басқармасы штабы бірінші бөлімі бастығының орынбасары:
Болжам бойынша Қазақстан арқылы Ресей Федерациясына өткізбекші болған. Тексеру әрекеттері аяқталған соң тасбақаларды зоопарктерге тапсыратын боламыз.
 
Айнұр АҚБАЕВА

Хабарламаларға жазылу