Шымкентте жаяу жүргіншілер өтетін көпір құлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте жаяу жүргіншілер өтетін көпір құлады

16.04.2014
Шымкентте жаяу жүргіншілер өтетін көпір құлады
Шымкентте Бадам өзенінің үстіндегі жаяу жүргінші өтетін көпір құлап қалды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, өткел таң ата опырылып түскен.  Нөсерлеп жауған жауыннан өзен суының деңгейі көтеріліп,  тіреуіштерін құлатып жіберген.
 
Төтенше жағдайдан қалалық су арнасының құбырына зақым келді. Соның салдарынан Сәуле және Қазығұрт шағын аудандарының 5 мыңға тарта тұрғыны сусыз қалды. Әзірге жергілікті билік құбырлардағы ақауды уақытша жөндеп, халыққа су берген.
 
Алайда, көпірдің жуық арада жөнделетін түрі жоқ сияқты. Үлкендер жағы бастарын қатерге тіге отырып, апатты көпір арқылы амалдап, ары-бері қатынауда. Ал, арғы бетке қатынап оқитын жеткіншектер мектепке бірнеше шақырым жолды айналып баруға мәжбүр.
 
Диана Әбдірайымова, оқушы:
Осы көпірмен күнде өтетінбіз. Қазір өте алмай, көпір құлап қалып, автобуспен айналып жүрміз.Інімсіңлім де бар.
 
Айнұр АҚБАЕВА
 

Хабарламаларға жазылу