Маңғыстауда су тұщытатын жаңа технология енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда су тұщытатын жаңа технология енгізілді

16.04.2014
Маңғыстауда су тұщытатын жаңа технология енгізілді
Маңғыстау - ауызсуға тапшы аймақтардың бірі. Соңғы жылдары Каспий теңізінің ащы суын тұщытып пайдаланатын халық саны артып келеді. Соған сәйкес, ауызсуға деген сұраныс та күрт артты.
 
Сол себепті қаланы сумен қамтып отырған кәсіпорын жаңа технологияларды қолданысқа енгізіп жатыр. Су тұщыту қондырғысының тәуліктік қуаты - 6 мың текше метр. Алда тағы екі қондырғыны іске қосу жоспарланған.
 
Жаңа технология арқылы халыққа сапалы ауызсу жеткізіліп қана қоймай, электр қуатын үнемдеуге де мүмкіндік туады.
 
Игорь Чернецкий, кәсіпорынның аға инженері:
 Бұрынғы су тұщыту қондырғысының шығыны көп еді. Ал, мына жаңа қондырғыда сораптар жоқ, сол себепті де электр қуатын 5 есе үнемдеуге болады. Сондай-ақжылудыда 30-35 пайызғаүнемдедік.
 
Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу