Бейбіт Шүменов АҚШ-та болуы мүмкін - ІІМ
Халықаралық іздеу жарияланған боксшы Бейбіт Шүменов Америка Құрама Штаттарында болуы мүмкін. Бұл туралы Үкімет қабырғасында Ішкі істер министрі айтты. Оны іздеу бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Марат Ахметжанов, ҚР Ішкі істер министрі:
Ол шетелдің азаматы емес. Ол біздің азаматымыз. Ал енді іздеу салынды. Жарияланды. Әрі қарай заң шеңберінде тиісті тергеу амалдары жүргізіледі.
Еске сала кетейік, Әлем чемпионы Бейбіт Шүменов өткен айда елордада сауда орталықтарының бірінде, қолында баласы бар ер адамға жұдырық жұмсаған болатын. Мұнан соң оқиға орнына барып тұрып, шара қолданбаған тәртіп сақшылары қызметтен босатылды. Ал, боксшы арнайы есепке алынған, іс қозғалды. Артынша оған халықаралық іздеу жарияланды.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Дауыл салдары: Көлік шығынын кім өтейді?
17.06.2026, 20:18
Орманды өрттен сақтау– ортақ міндет
17.06.2026, 20:16
«Балаларды қауіптен сақтаңыз!» акциясы басталды
17.06.2026, 20:16
Елімізде судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді
17.06.2026, 20:14
АҚШ пен Иран атысты тоқтату туралы келісімге ресми түрде қол қояды
17.06.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына шолу
17.06.2026, 20:12
Мемлекеттік грантты өтемегендерге қатысты 247 іс сотта қаралып жатыр
17.06.2026, 20:12
Өңірде ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін бірнеше өндіріс орны бар
17.06.2026, 20:10