Семейде «Біздің күшіміз - бірлікте!» фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде «Біздің күшіміз - бірлікте!» фестивалі өтті

11.04.2014
Семейде «Біздің күшіміз - бірлікте!» фестивалі өтті
«Біздің күшіміз-бірлікте!». Осындай атпен Семейде кембағал жандардың шығармашылық фестивалі өтті. Онда 100-ге жуық өнерпаз түрлі жанр бойынша өз өнерін көпшілікке паш етті.
 
Қиындықты еңсеріп сахнаға шыққан осы санаттағы азаматтардың әрқайсысының бұл қадамы - жеңіске пара-пар. Қарым-қабілеттерін байқата білген олар шын мәнінде мүмкіндіктерінің шексіз екендігін көрсетті.
 
Екі сағатқа созылған шараның қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Мұндай шығармашылық байқау Семейде соңғы 3-4 жыл көлемінде үзбей өткізіліп келеді
 
Алина Қасымбетова, фестивальға қатысушы:
Мұндай сайыстардан қалмаймын. Біз үшін бұл шараның маңызы зор. Өз қабілетіңді көрсетесің. Өзгелерге үлгі болып, бұдан да үлкен жетістіктерге жетуге ұмтыласың.
 
Кенжебек Байғожиновмүгедек жандарға арналған клуб директоры:
Фестивальдің мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылығы арқылы, өнер арқылы қоғамның көзқарасын өзгерту. Елбасы да Қазақстан мүгедек адамдар үшін еш бөгетсіз ортаға айналуы тиіс екендігін айтты. Сондықтан, бұл мәселеге әркімнің үлесі болуы тиіс.
 
Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу