Қостанай облысында жергілікті мәслихат сайлауы өтті

31.03.2014
Қостанай облысында жергілікті мәслихат сайлауы өтті

Қостанай облысында жергілікті мәслихаттардың сайлауы өтті. Өзге аймаққа қоныс аударған және мемлекеттік қызметке ауысқан 10 депутаттың орнына, 22 кандитат тіркелді.
 
 Сайлауда жеңіске жеткендердің алтауы - аудандық,  біреуі - қалалық және үшеуі - облыстық мәслихат депутатының мандатына ие болады. Осы науқанды өткізу үшін облыста 9 аумақтық, 10 округтік, 141 учаскелік сайлау комиссиялары жасақталды.
 
 Сайлауға түскен 22 кандидаттың 12-сі  «Нұр Отан» партиясының мүшелері, 10-ны өзін-өзі ұсыныушылар. 19 үміткердің білімі жоғары. Комиссия мүшелері мен сайлаушылар саяси науқанның барлық Заң талаптарына сай өткенін айтты.
 
Антонина Маркова, облыстық сайлау комиссиясының төрайымы:
Сайлаудың барлық дайындық іс-шаралары Заң талаптарын қатаң сақтай отырып, күнтізбелік жоспарға сәйкес жүргізілді. Дауыс беру кезінде ешқандай ескертулер мен заң бұзушылықтар тіркелген жоқ.
 
Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу