Маңғыстау облысында мәслихат сайлауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында мәслихат сайлауы өтті

12.05.2014
Маңғыстау облысында мәслихат сайлауы өтті

Маңғыстау облысында 3 сайлау округінде сайлау өтті. Онда 5 сайлау учаскесі бар. Сайлау учаскелерінің үшеуі - Ақтауда, біреуі - Түпқараған ауданында, тағы біреуі Бейнеу ауданында орналасты.
 
 Сайлаушылар саны - 9  720 адам. Олар аудандар мен қалалық мәслихаттарда бос тұрған 3 мандаттың орнына лайықты депутат таңдау науқанына қатысты.
 
 Мәселен, №13 сайлау учаскесінде екі кандидатқа дауыс берілді. Маңызды шараға қатысуда тұрғындар белсенділігі жоғары болды. Мұнда 1388 сайлаушы қалаған кандидатына дауыс беру құқығына ие болды.
 
Жамал Мәмиева, №13 сайлау учаскесінің төрайымы:
Сайлау басталғалы арыз-шағым түскен жоқ. Сайлау заңнамасына байланысты бәрі өз орнымен өтіп жатыр.
 
Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу