Елімізде босқындарды қорғау жұмысы жақсарады
Еліміздегі босқындар саны - 497 адам. Олардың дені Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында. Олар бір жыл көлемінде Қазақстанда өмір сүруге құқылы. Өйткені, ел аумағына кіргенде 1 жылға босқын мәртебесі берілген.
Халықаралық конвенцияға сай біздің ел босқындарды қорғауды жалғастыра береді. Себебі Қазақстанда адам құқығын қорғау басты назарда.
Бұл жайында бүгін ҚР Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов пен БҰҰ Орта Азиядағы босқындар ісі бойынша жоғарғы комиссары Сабер Азаммен кездесуінде айтылды.
Елдегі босқындардан қауіп күтудің қажеті жоқ. Олар Қазақстанға кіргенде тексеріледі. Яғни, денсаулығына қатысты және тұрғылықты жері туралы құжаты болу шарт.
Босқын ел аумағына кірген күннен бастап 3 ай тексерістен өтеді. Егер қылмыс жасап іздеуде жүрсе, оған босқын мәртебесі берілмейді.
Сабыржан Сейітжанов, ҚР ІІМ Көші-қон полициясы департаменті Азаматтық иммиграция және босқындармен жұмыс жасау басқармасының бастығы:
Бүгінгі шараның мақсаты - 4 жыл жұмыс істеп келген аймақтың өкілі Сабер Азам мырзамен қоштасу. Енді ол басқа елге ауысады. Сол себепті істеген жұмыстарын, нәжижелерін көрсетіп жатыр. Біз босқындар туралы халықаралық конвенцияға қосылдық. Босқындар туралы ұлттық заңымызды қабылдадық. Сол себепті заңдарымыз халықаралық конвенцияға сай.
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионатында Қазақстан тумасы ойнайды
08.06.2026, 20:58
Тау шатқалынан таңбалы тастар табылды
08.06.2026, 20:21
ҰБТ: Талапкерлердің 67 пайызы шекті балл жинады
08.06.2026, 20:14
ТМҰ мүше елдердің министрлері бас қосты
08.06.2026, 20:12
«Әділет» партиясының ІІ съезі өтеді
08.06.2026, 20:10
Әлем жаңалықтарына шолу
08.06.2026, 20:08
Парламенттік сайлауда Пашинянның партиясы жеңіске жетті
08.06.2026, 20:08
Аймақтық «BaiQymyz» гастрофестивалінің жеңімпазы анықталды
08.06.2026, 20:07