Бірыңғай республикалық қамқоршылар кеңесі құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бірыңғай республикалық қамқоршылар кеңесі құрылады

10.03.2017
Бұл кеңестің мақсаты – балалар үйіндегі жағдайды жақсарту, құқық бұзылу фактілерін уақытында анықтау, патронаттық асырап алу бойынша жұмыстарын жетілдіру.

Балалар құқықтарын қорғау қызметі қоғамдық бақылауға өтуі тиіс. Балалар мүддесін қорғауда қоғам мен мемлекет өзара пікір алмасып отыруы керек. Бұл мақсатта елімізде бірыңғай республикалық қамқоршылар кеңесінің жұмысы басталды.

Кеңес құрамына қоғамдық ұйым өкілдері, балалар құқықтарын қорғау қоры, патронаттық тәрбиеге алушы ата-аналар қауымдастығы және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы кіреді.

Әйгерім АҒЫЛТАЕВА

Хабарламаларға жазылу