Партиялық жобалар тың серпін алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Партиялық жобалар тың серпін алады

26.03.2014
Партиялық жобалар тың серпін алады
Партиялық жобалар тың серпін, жаңа қарқын алмақ. Өйткені, бүгін «Нұр Отан» партиясы мен «Қазақстан Азаматтық альянсы», Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Ардагерлер ұйымы мен «Ардагер» қоғамдық бірлестіктерінің арасында саяси ұйымның бастамаларын жүзеге асыруға байланысты әріптестік меморандумға қол қойылды.
 
Жиында қолға алған 12 бастаманың жүзеге асуы кеңінен талқыланды. Мәселен, қазір «Ардагерлерді ардақтайық» жобасының аяқ алысы жаман емес. Бүгін «Жас Отан» жастар қанатының еріктілері еңбек тылының ардагерлеріне барды. Бірнеше сағат бойы майдангердің ауласын жинап, үйінің ішін әрлеп берді.
 
Нұрлан Ерімбетов, «Қазақстан Азаматтық альянсы» ЗТБ Президенті:
Топқа бөлінбей, аула-аулаға бөлінбей бәріміз бірге қоғамның алдында тұрған мәселелерді шешсек. Әрине, ол ардагерлер, жастар, мүгедектер, ауылдағы ағайындар шынын айту керек, бұл  мәселелер шешімін күтіп тұр.
 
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу