Кәмелетке толмағандар түнгі клубта жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәмелетке толмағандар түнгі клубта жүр

19.03.2014
Кәмелетке толмағандар түнгі клубта жүр

Көкшетауда бір түннің ішінде көшеде жүрген 11 жасөспірім полиция бөлімшесіне жеткізілді. Олардың ата-атаналарына балаларын қараусыз, өз еркімен жібергендіктері үшін айыппұл салынды. 

 
Сондай-ақ, кәмлетке толмаған жасөспірімдер мейрамхана мен   түнгі клубта да еркін жүріп-тұратыны анықталды. Оларға және мекеменің жетекшілеріне заң бойынша шара қолданылды.
 
Арнайы рейд барысында тәртіп сақшылары түнгі клубта қорқор шегіп отырғандарға тап болды. Заң бойынша тыйым салынған қорқорды дайындағаны үшін клуб басшысына айыппұл салынды.
 
Мирас Түлкібатов, қорқор дайындаушы:
Мен бұл жерде небәрі екі күн ғана жұмыс істеймін. Тапсырыс берушілерге екі қорқор дайындап бердім. Заң бойынша тыйым салынғандығын білген жоқпын.
 
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу