Студенттік секция құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Студенттік секция құрылды

15.03.2014
Студенттік секция құрылды
Енді, болашақ мұнайшылар теориялық білім алып қана қоймай, біліктілігін тәжірибе жүзінде де арттыра алады.
 
Астанадағы Назарбаев Университетінің базасында Мұнайшы инженерлер қоғамының студенттік секциясы құрылды. Оның ашылу салтанатына еліміздің Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин де қатысты.
 
Министрдің айтуынша, Мұнайшы инженерлер қоғамы - коммерциялық емес, кәсіби ұйым. Бұл секциядан тәжірибе жинақтаған жас мамандар жұмысқа орналасу кезінде де   қиналмайтын болады. Себебі, олар секцияда барлау жұмыстарын жүргізу қажеттігі мен қара алтынды қалай өндіруі керектігін үйренеді.
 
 
Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу