Жауынгерлік бір күн - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жауынгерлік бір күн

13.03.2014
Жауынгерлік бір күн
«Бүгінгі іс-әрекеттеріміздің сәтсіз тәжірибесі, ертеңгі күнгі сәтті ісіміздің хабаршысы», деген Бауыржан Момышұлы. Расымен ұрыста ширақ қимылдау үшін жауынгерлік дайындықтың жоғары болуы шарт.
 
Әр сарбаз бен сардар әскери даярлық сипатын толық меңгергені абзал. Өйткені, тізбектің бір тіні үзілсе, келер шығын ауқымды болары бесенеден белгілі. Әскерилердің бір күндік жаттығуы қаншалықты қиын, ұрыста ұйымдаса қимылдауы қалай?
 
Әдеттегідей сарбаздардың бұл күні де қатарға тұрудан басталды. Медбикенің және психологтың тексерісінен өтті. Бәрі жаттығуға сақадай-сай дайын. Енді әскери-техниканы ұясынан шығару керек.
 
Айталық жаттығудың түрлері көп. Бүгінге жоспаланғаны қаруланған жаудан қаланы азат ету. Ол үшін біз арнайы әскери киім киіп жаттығуға кірістік.
 
Сәкен Сейітханұлы, тілші:
Қалалық жерлерде ұрысқа шығу тәсілдерін үйренудеміз. Ал, бұл - тосқауылдар. Халық тығыз орналасқан жерлерде аялдамалар, жарнама тақтайшалары болады. Сондықтан, мұндай жерде қарсыластың көзін жою өте қиын. Бұл жерде өзіңнің әрбір қимылыңды жіті бақылауда ұстауың қажет. Аяқты ішке қаратып қою керек. Өйткенісен жауды көздегенде аяғына оқ тиіп жатса, тосқауылдың ішіне құлап,оқтан аман қаласың. Егер аяғың сыртқа қарап тұрып, жауды көздегенде оның оғы аяғына тисе, сыртқа құлап, тағы бірнеше оқты өзіне қабылдайсың.
 
Асан Кескен, 68/665 әскери бөлімінің кіші сержанты:
Бізде күн сайын осындай дайындықтар болады. Командир өзінің білгенін үйретіп, тәжірибе алмасады. Дайындық күннен-күнге күшейіп жатыр.
 
Раджан Жанысов, 68/665 әскери бөлім командирінің орынбасары:
Президент Нұрсұлтан Назарбаев 6-наурыз күні Қорғаныс министрлігінде жиын өткізді. Сол кезде нақты тапсырмалар берді. Жауынгерлік дайындықты күшейту керекдеді. Осы күнге дейін біз жаттығуды бір сәтке тоқтатқан емеспіз. Енді оны күшейте түсеміз. ӨйткеніПрезидент айтпақшы, бізге халық сеніп, тыныш ұйықтауы керек.
 
Сарбаздар әскери техникаға жайғасты, сөйтіп, қарулы қалаға келеді. 
 
Сәкен Сейітханұлы, тілші:
Мінеқазір біз қаланы жаудың қолынан азат етуге келдік. Жаудың күші аз екенін байқадық. Енді қалаға жақындауға мүмкіндік бар.
 
Жаудың әрбір қимылын бақылап, қалаға баса-көктеп кірдік.
 
Сәкен Сейітханұлы, тілші:
Міне, қаланы жаудың қолынан аман алып қалдық. Қарсылық көрсеткендерді жер жастандырып, қаруы жоқтарды тұтқынға алдық. Осымен біздің бүгінгі жаттығуымыз аяқталды. Бастысы, ел қорғаны берік, бейбітшілігіміз баянды болсын.
 
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу