Кедендік бекеттердегі техниканы жаңғырту қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кедендік бекеттердегі техниканы жаңғырту қажет

13.03.2014
Кедендік бекеттердегі техниканы жаңғырту қажет
Кедендік бекеттердегі серверлік қондырғыларды жаңарту қажет. Әкімшілік кедергілерді жойып, электронды нұсқаға көшу керек. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінде өткен жиын барысында айтылды.
 
Ашық пікірталас алаңына «Қазлогистик» одағы, «ҚазАвтоЖол» АҚ, «Қазпочта» АҚ-ның өкілдері мен кәсіпкерлер қатысып, кедендік рәсімдерді автоматтандыру, қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерістер еңгізу, транзиттік операцияларды жетілдіру мәселелерін ортаға салды.
 
Сондай-ақ, басқосуда кедендік пункттерден өткізу уақытының ұзақтығы, бақылау жүргізуге әсер ететін факторлар мен себептер қарастырылды.
 
 
Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу