«Қорғас ісі» бойынша тергеу аяқталды
10 айға жуықтаған атышулы «Қорғас ісі» бойынша тергеу аяқталды. Бүгін Ішкі істер министрлігіне қарасты СИ-18 уақытша оқшаулау абақтысының әкімшілік ғимаратында жарыссөз алдындағы соңғы тергеу амалдары өтті. Айыпталушылар, олардың қорғаушылары мен сот орындаушылары ғасыр қылмысының әр ісін пысықтап, қайта сүзгіден өткізді.
Естеріңізге сала кетейік, «Қорғас ісі» - тәуелсіз ел тарихындағы ең ауқымды әрі атышулы қылмыстық процесс. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Кедендік бақылау ұйымының қызметкерлері құзіретін асыра пайдаланып, Қорғас, Қалжат, Достық кеден бекеттерінде жемқорлық жүйесін қалыптастырған.
Шекара арқылы өтетін контрабандалық тауарлардың кедергісіз өтуіне жол беріп, кәсіпкерлерді пара беруге мәжбүрлеген. Қаржы полициясының деректеріне сәйкес, қылмыстық топ шекарадан өткен әр жүк көлігінен 25-30 мың долларға дейін ақша алып, жүздеген миллион доллардың дүние-мүлкін пайдаға жаратып отырған.
Бір жарым мың томға жүк болатын қылмыстық іс бойынша 45 адам айыпталушылар қатарында. Істің ақ-қарасын ашуға 48 адвокат, 38 қорғаушы тартылған. Куәгерлерден жауап алынған соң, 13 наурыз күні жарыссөздер басталады. Айыпталушыларға үкімдер жариялана бастайды.
Жазира ИСАЕВА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түрлі кәсіпті меңгерген қыз-келіншектер
07.03.2026, 20:19
«Қарағанды-Жезқазған» тасжолының құрылысы келесі айда басталады
07.03.2026, 20:11
Халық пікірі: Жаңа Конституция жобасы – мемлекет дамуының жаңа кезеңі
07.03.2026, 20:09
Құтқарушылар ауруханаға жете алмаған сәбиге көмекке келді
07.03.2026, 20:09
Қыз-келіншектер ердің ісін игеріп, өндірістің ауыр жүгін көтеріп жүр
07.03.2026, 20:06
«Су тасқыны-2026» айлығы жарияланды
07.03.2026, 20:06
4700-ден астам қазақстандық елге оралды
07.03.2026, 20:06
Әскери саладағы әйелдер ардақталды
07.03.2026, 20:05