Наубайханашылар құрметке бөленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Наубайханашылар құрметке бөленді

07.03.2014
Наубайханашылар құрметке бөленді

Бүгін Өскемендегі наубайханашылар құрметке бөленді. Оларды қала әкімі Темірбек Қасымжанов 8 наурыз мерекесімен құттықтап, гүл сыйлады.

 
Өскемендегі ең ірі наубайхана ұжымының 70 пайызы қыз-келіншектер. Олар екі ауысымға бөлініп жұмыс істейді және облыс орталығында сатылатын нан өнімдерінің басым бөлігін шығарады.
 
Шығыстағы бас шаһардың басшысы ыстық пештің жанынан шықпайтын арулардың жұмысымен танысып, зауытты аралап көрді.
 
Қазіргі таңда Өскемен қаласында 30-дан астам әлеуметтік дүкен ашылған. Олардың барлығында осы наубайханада пісірілген нан сатылады.
 
Жалпы, кәсіпорында бір тәулікте нан-тоқаштың 120 түрінен 9 тоннаға дейін өнім шығарады.
 
Ғалия Сембинова, наубайханашы:
Мереке болса да, жұмысымызды тоқтатпаймыз. Себебі, нан халыққа күнделікті керек. Бәрін мерекемен құттықтаймын. Бақыт тілеймін, өмірлері ұзақ болсын. 
 
Темірбек Қасымжанов, Өскемен қаласының әкімі:
Осы ұжым мен қалалық әкімдік үлкен меморандумға қол қойған. Қазір қалада нан 45 теңге мөлшерінде сатылып отыр.
 
 
Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу