«Ардагерлерді ардақтайық!» акциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ардагерлерді ардақтайық!» акциясы өтті

07.03.2014
«Ардагерлерді ардақтайық!» акциясы өтті
Семейлік «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері «Ардагерлерді ардақтайық!» атты акцияны қолға алды. Белсенді жастар жалғызілікті ардагерлер мен қарттар үйлерін аралап, олардың мұң-мұқтажымен танысты. 
 
Зейнеткерлерге медициналық көмек көрсетіп, үй шаруашылықтарына қолғабыс етті. Отын-суларын тасып, аулаларда қыс бойы жиналған қарды тазалады.
 
Мұндай шараны «жасотандықтар» соңғы 2-3 жылдың көлемінде үзбей өткізіп келеді. Аға буын өкілдері жастардың қамқорлығына шексіз риза.
 
Дмитрий Цупа, соғыс ардагері:
Жастардың көмегі - бізге үлкен демеу. Оларсыз біз не істер едік?! Жақсы іс жалғасын тапса. Балаларға көрсеткен көмектері үшін алғыс айтамын.
 
Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу