Шегірткемен күрес шет қалмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шегірткемен күрес шет қалмайды

01.03.2014

Агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті шегірткемен күреске қазірден дайындалуда. Осы іске жауапты Қазақстан мен Ресейдің мамандары Орал қаласында бас қосты.

 
Жиында шекара аумағындағы шегірткенің таралуы және оларға қарсы жүргізілетін шаралардың жай-жапсары сөз болды. Мамандар өзара тәжірибелерімен бөлісті. Бұған қоса бұл бағытта бірлесіп іс-қимыл жасау жайы келісілді.
 
Еліміздің жеті облысы Ресейдің 12 губерниясымен шектесіп жатыр. Негізінен бұлардың барлығы астықты өңірлер. Сондықтан зиянкестерді өсіп-жетілмей тұрып құрту маңызды. Қазақстанда шегірткені аулау жұмыстары биыл едәуір ұлғайып, 4 миллион 200 мың гектар аумақты қамтитын болады.
 
Сақташ Хасенов, Агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы:
Бұл жұмысқа ертерек дайындалу керек. Былтырдан қалған бізде 600 мың гектарға пайдаланатын уларымыз бар. Осы жақында сол жұмыстар аяқталды. Тағы да керек уды алуға дайынбыз. Екіншіден сол уды кім шашатыны, кім пайдаланатыны да белгіленді.
 
Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу