Түркиялық компанияның бұрынғы басшылары бес жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркиялық компанияның бұрынғы басшылары бес жылға сотталды

27.02.2014
Түркиялық компанияның бұрынғы басшылары бес жылға сотталды

Қызылорда қаласында теміржол арқылы өтетін аспалы көпірдің құрылысын жүргізген түркиялық «Бушра» компаниясының бұрынғы басшылары сот үкімімен бес жылға сотталды. Шетелдік азаматтар мемлекетке 18 миллион теңге залал келтірген және құрылысты сапасыз жүргізген.

 
Соған қарамастан техникалық қадағалаушы «КЗ СтройЭксперт» серіктестігінің бас маманы жалған мәліметтер көрсетілген құжаттарға қол қойып, заңсыз әрекетке барған. Бүгінде оның да қылмысы дәлелденіп 5 жылға шартты түрде сотталды.
 
Сондай -ақ, облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қызметкерлеріне де қатысты сот үкімдері шықты. Мекеменің бұрынғы басшысы, оның орынбасары мен бас маманы кінәлі деп танылды.
 
Бірақ «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес олар тағайындалған жазадан босатылды.
 
Руслан Мұсабеков, облыстық қаржы полициясы департаментінің аға тергеушісі:
Қылмыстық іс 2011 жылдың маусым айында қозғалды. Алдын ала тергеу жүргізіліп, тергеу 2013 жылдың маусым айында аяқталып, соттың қарауына берілді.
   
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу