Өзін-өзі басқару институттарын дамыту қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзін-өзі басқару институттарын дамыту қажет

06.02.2014
Өзін-өзі басқару институттарын дамыту қажет
Еліміздегі жастар қоғамдық жұмыстарға кеңінен араласып, белсенділік танытуы керек. Өзін-өзі басқару институттарын дамыту қажет. Міне, осындай ой жастар ұйымдарының басшыларымен  өткен басқосуда айтылды.
 
Отырыста шетелдегі қазақстандық студенттік ұйымдар, көшбасшылар, ҚР Білім және ғылым министрлігі Жастар ісі комитеті өкілдері кездесіп, пікір алмасты. Олар Президент Жолдауын кеңінен талқылап, алға қойылған мақсат пен міндеттерді айқындады.
 
Ғабидолла Оспанқұлов, ҚР Білім және ғылым министрлігі Жастар ісі комитетінің төрағасы:
Жастарға арнап, біз  жобалар жасайтын боламыз.  Мемлекеттік қаржыландыру  жобалық механизмге көшетін болады.  Бір мәселеге бір жоба болады. Нәтижесін көретін боламыз.
 
Тілектес Адамбеков, Қытайдағы қазақстандық студенттік ұйымдарының төрағасы:
Елбасымыз болашақ - жастардың қолында дегенді жиі айтады. «Қазақстан-2050» Стратегиясын  жүзеге асыру барысындағы олардың рөлі маңызды.  Біз өз елімізді өзге елдің азаматтарына таныстырып жүрміз.  Қазақстан студенттерін  біріктіріп, ортақ студенттік ұйым құру керектігі туралы мәселені көтеріп жатырмыз.
 
Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу