Шымкент шырайлана түспекші - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент шырайлана түспекші

05.02.2014
Шымкент шырайлана түспекші
Елбасы Жолдауындағы айтылған тағы бір маңызды мәселе - елдегі мегаполистердің саны артатын болады. Астана мен Алматыға Шымкент пен Ақтөбе қалалары қосылмақшы.
 
Қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан облысы орталығын агломерациялауға бағытталған іс-шаралар кезең-кезеңімен қолға алынып жатыр. Президент басымдық берген маңызды құжаттағы бұл сөздер Оңтүстік жұртын бей-жай қалдырмады.
 
Шымкент елдегі үшінші мегаполиске айналатындығын Елбасы бұдан бұрын да айтқан болатын. «Қазақстан-2050» стратегиясына сәйкес қала одан әрі дами түседі, дегенді естіген аймақтың жас-кәрісі бұл идеяны толық қолдап отыр.       
 
Жеңісбек Мәуленқұлов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Көптеген істер атқарылады. Ауруханалар,, мәдени ғимараттар салынып, жаңа жұмыс орындары ашылады.
 
Ерлан Айтбаев, «Шымкент жастары» мекемесінің директоры:
Шымкенттің үштен бірін жастар құрайды. Осындай қала болу үшін жастар білімді болу керек.
 
Халқы тығыз орналасқан аймақтың орталығы бұл деңгейге көтерілуге дайын тұр. Шымқаланың әлеуеті қазір күн санап өсіп келеді. Шекарасы ұлғайып, кәсіпкерлік дамуда.
 
Өткен жылы өңірдің өндіріс орындарында 4,2 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Биылғы жылы 9 кәсіпорынды ашу жоспарланған.
 
Дархан Сатыбалды, Шымкент қаласының әкімі:
Жолдауда урбанизациялық орталық Шымкент қаласы болады деп айтылды. Келешекте мемлекеттік және жеке инвестиция тартылады. Сонымен қоса, жаңа кәсіпорындар ашылып, жаңа жұмыс орындары
пайда болады. Жаңа әлеуметтік нысандар бой көтереді
 
2020-шы жылға дейін Шымкент төңірегіндегі елді мекендердің барлық мәселесі толығымен шешіледі деп күтілуде. Қаланы жаңа бас жоспарға сәйкес, халыққа қажетті әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылым, жасыл аймақ ретінде дамыту қарастырылған.
 
Нұржан МЕРГЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу