Ақтөбеде жолда қалған 500-ге жуық адам құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде жолда қалған 500-ге жуық адам құтқарылды

30.01.2014
Ақтөбеде жолда қалған 500-ге жуық адам құтқарылды

Ақтөбе облысының құтқарушылары Ташкенттен Мәскеуге бет алған жолаушыларға көмек көрсетті. 63 адам мінген автобус Әйтеке би ауданы маңында бұзылған. Үскірік аязда қалғандар Аралтоғай ауылының мектебіне орналастырылды.

 
Қазір облыс орталығындағы жолдардың барлығы жабылды. Құтқарушылар 1 тәулік ішінде қар астынан 300-ге жуық көлікті шығарып, 79 адамды құтқарды. 400-ге жуық адам қауіпсіз жерге орналастырылды.
 
Боранда қалғандарға көмек көрсету үшін барлық құрылымдық жасақ жұмылдырылған. Ақтүтек боранда әр бағыттағы тас жолда әлі 80-нен аса жеңіл және жүк көлігі қалды.
 
Бауыржан, жолаушы:
Онға жуық машина тұр. Оның біразы жол-көлік апатына тап болды.. Боранда жол көрінбейді.
 
Асылжан Телғарин, Ақжар ауылының тұрғыны:
Боранда жол бойынша көліктер қалып қойды. Тас жолдан Ақжар ауылына дейін 3 шақырым. Адамдар ауылға барып, көмек сұрап, паналап жатыр. Күн боран, ашылмай тұр. 38 градус аяз.
 
 
Әлия ТАЛАСОВА

Хабарламаларға жазылу